Коммуналдық төлемді ұялы телефон арқылы төлей аласыз

504

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі тағы бір жаңа – ақпараттандыру, мемлекттік қызметтер көрсету және арxивтер басқармасымен толықты. Аталған мекеменің басшысы болып тағайындалған Бастар Есқараев бүгін БАҚ өкілдерімен кездесіп, жаңа басқарманың қызмет-құзыретімен таныстырды.Айтуынша бұл мекеме жергілікті биліктегі өзге де басқармалардың жұмысын жүйелеп, мониторинг жүргізумен айналысады. Кем-кетігін түгендейді. Сондай-ақ, маңызды құжат-мұрағаттардың электронды жүйеге көшіп, көпшілікке қолжетімділігін қамтамасыз етпек.Облыстық ақпараттандыру, мемлекттік қызметтер көрсету және арxивтер басқармасы енді мониторингпен ғана шектелмейді, өзге де пилоттық жобаларды жүзеге асырмақ. Білім саласынан бастап, құрылыс және ауылшаруашылығының аясында игі жұмыстарды құнттайды. Көлік және қауіпсіздік те осы басқарманың бақылауында болмақ. Яғни, қаламыздағы қоғамдық көліктердің жүру уақытын әркез анықтап көру үшін «JPS» қондырғысын орнату да жоспарда бар және коммуналдық төлемдерді ұялы телефон арқылы жасау жолында да бірқатар ауқымды жобаларды қолға алыпты. Айта өтетін ақпарат, жаңа басқармада әзірге 12 адам қызмет етсе, алдағы күндері 8 IT – маманмен толығады.