Балабақшаның жанында тал түсте қаңбыбас иттер атылды. Күншығыс шағынауданының тұрғындары камуфляж киген қызметкерлердің әрекетіне наразы болып отыр.
Оқиғаны бақылап тұрған маңайдағы адамдар оларды тоқтатуға әрекеттенген. Өйткені, балабақша жаны болғандықтан, мұнда бүлдіршіндер жүреді. Оған қоса жануарларды көпшіліктің көзінше жайратып салған дұрыс емес дейді тұрғындар.
Қаңғыбас иттері үш рет атқаннан кейін қызметкерлер оларды көлікке салып алып кеткен. Ал жануардың қаны жерде жайрап жатқан. Бұл көрініс кез-келген адамға жаман әсер қалдырары сөзсіз.