Шымкентте тал отырғызу басталды. Шымкент қаласының ТҮКШ көріктендіру бөлімінің өкілі Ерубай ҚҰРАЛБАЕВтың мәлімдеуінше, биыл 35 мың түп ағаш егіледі деп жоспарланып отыр. Қаланы көгалдандыру жұмысына жергілікті қазынадан 180 млн. теңге қаралды. Сондай-ақ биыл орталық көшелерге 8 мың дана голландтық раушан гүлдері отырғызылады.
«Бәйтерек ЛБ» ЖШС-нің әйелдері жұмысқа қызу кіріскен. Таңертеңнен олар Елшібек батыр көшесі бойына жапырақты ағаштар айланда мен катальпа көшеттерін оттырғызуда. Көгалдандыру ісімен айналысқанына 40 жылдай болған Тамара Зайцева жасыл желек егудің қыр-сырын толық меңгерген.
Тамара Зайцева, «Бәйтерек ЛБ» ЖШС-нің жұмысшысы: «Бұл ағаш көшеттері жетілгенде көлеңке береді. Біз дайын шұқырларға талды егіп жатырмыз, соңымыздан су таситын көліктен олар суғарылуда. Жақсы күтім болса, көшеттер тез өседі. Ауаны тазартуға көмегі мол».
Осындай жапырақты талдар Рысқұлов пен Бәйтереков көшелері бойында отырғызылуда. Аймауытов көшесінде көшеттер егуге шұқырлар дайын. Сондай-ақ наурыз айында 200-дей бозарша егілді. Биыл қаланың көркін жазғы гүл түрлерінен бөлек 3 мыңға жуық раушан гүл көшеттері ашады. Алайда тек ағаш отырғызып жасыл желек көбеймейді. Оны қорғау керек деп есептейді көгалдандырушылар.
Лесбек Бектұров, Бәйтерек ЛБ» ЖШС-нің директоры: » Мүмкіндікті пайдаланып қалалықтарға өтініш жасаймын. Ең бастысы көшеттерді суырып алмаңыздаршы. Жаңа орынға өңіп кетуі бірталай, өйткені біз оларды түпкі топырағымен отырғызудамыз. Жасыл желек өзіміздің Шырайлы қаламызды көріктендіріп қана қоймай, пайдасы да мол».
Келісім шарт негізінде «Бәйтерек » ЖШС -не бекітілген учаскелерін көріктендіруге қалалық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінді. Шымкенттің аумағын көркейтуге биыл 180 млн. қарастырылған. Ағымдағы жылы қалада 35 мың жас көшет, 18 мың шаршы метр жер алқабында көпжылдық раушан гүлдер жайқалады. Тағы бір жаңалық — биыл Шымқала өріліп өсетін голландық раушан гүлдермен шырайлана түспек.