Шымкентте қызғалдақтар гүлдеп жатыр

232

Шымкентте ең әдемі маусым басталды. Жыл сайын осы кезде мың сан бояумен құлпырған көктем гүлдері отырғызылып, қала ерекше реңге енеді. Көктемнің жаршысындай көз қуантқан қызғалдақтар   жақсы әсерге бөлейді. Сондықтан болар шахарда осы гүл түрі басым. Коммуналдық сала қызметкерлерінің күтімінің арқасында қызғалдақтар шымкенттіктер мен қала қонақтарын сәуірдің соңына дейін қуантады.

Шымкент күннен күнге шырайланып келеді. Көктемнің шуағы, орталық көшелердің бойында жайқалған қызғалдақтар тұрғындарға және қала қонақтарына көтеріңкі көңіл сыйлауда. Шахарды көріктендіру бойынша конкурс өтуде, жеңімпаздар әзірге белгісіз, алайда осыған қарамстан қала аумағында былтыр тендерде жеңіске жеткен коммуналдық мекеменің бригадалары жұмысын жалғастыруда Роза Ендыбаева «бір жыл бойы салада еңбек етіп, гүлді баптау, жалпы жасыл желектің күтіміне қатысты тәжірибе жинақтадым»,-дейді.

Коммуналдық мекеме қызметкерлері Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы ағаш, бұталы өсімдіктердің қураған бұтақтарын кесіп ретке келтірген. Күн сәулесінен мерзімінен бұрын гүлдеген сәнді сириялық раушан көшеге ерекше көрік беріп тұр. Көшелердің қыиылысында отырғызылған түрлі түсті қызғалдақтар да көздің жауын алады.

«Шаруаларыммен шыққан едім. Қаламыз қандай керемет. Гүлдер жайқалып, ағаштарда бұршік атып, көктем келгенін білдіруде. Осындай тазалықты, көрікті бізге сыйлаған коммуналдық сала қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Гүлзарлар, саябақтарда серуен құру бір рахат. Ең бастысы бетперде кимеуге рұқсат берілді» деп қуанышымен бөлісті Шымкент қаласының  тұрғыны Елена Стаценская.

Эксукурсияға Шымкентке арнайы Сайрам ауданынан келген мектеп оқушылары саябақтың таза ауасымен тыныстап, естелікке фотосуретке түсуде. Әсерімен бөлісуге асық.
Балалар: «Күшті, Тап -таза, ағаштар жасыл, раушан гүлдері көп екен саябақта»

Зилола Шәмшіметова, Сайрам ауданындағы №107 мектеп-лицейдің мұғалімі:»Балаларды  мұражайға Ұлы Абайдың шығармашылығымен таныстыруға алып келдік. Абай саябағы таза,  жасыл желек жайқалып тұр. Табиғаты керемет, бүгін  ауа райы  шуақты»

Сұлулық символы, әсемдік үлгісі – қызғалдақ пен Шымқала егіз ұғым. Мегаполис осынау нәзік гүлді өзінің логотипі ретінде де таңдап алған.