Қаладағы ретсіз сауда қайта қарқын алды

292

Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының 10 күндік жұмыстары зая кетті. Осыдан біраз уақыт алдын қала әкімінің бастамасымен құрамында қалалық мәслихаттың депутатары, «Нұр Отан» ХДП-ның өкілдері бар арнайы топ Қазыбек би, Әйтеке би көшелері мен Тәуке хан даңғылындағы ретсіз саудамен күреске шығып, ондағы саудагерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы үш көшеде біршама тәртіп орнатқан-ды.

Бірақ, арада ай өтпей үш бабамыздың атын алған көшелердегі сауда былығы қайта басталды. Әрине, бұл аудан әкімдігінің бастап берген жұмысты жалғастыра алмайтын шарасыздығын көрсетті.