1782 келі кептірілген жеміс тәркіленді

230

Кептірілген жеміс тәркіленді.

«Сарыағаш стансасы» кеден бекетінің қызметкерлері Тәжікстан Республикасынан Өскемен қаласына бағыт алған жүк вагонына бақылау жүргізу нәтижесінде 3 тауар бойынша құжатта көрсетілмеген 1782 келі кептірілген жеміс тәркіледі.

Көлікте келісім бойынша салмағы 70 тоннаға жуық өнім көрсетілген. Осылайша Тәжікстандық кәсіпкерлер 300 мың теңгеден аса қаржыны үнемдемек болған.