«Наурыз мейрамы» ескерткіш монетасы айналымға шықты

469

Ұлттық банк Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары монеталар сериясынан күмістен жасалған номиналды 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 50 теңгелік «Наурыз мейрамы» ескерткіш монеталарын айналымға шығарды. 925 сынамалы, PROF сапалы күміс монетаның массасы 31,1 граммды құрайды. Монета 4 мың дана.

PROF сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады. Бұл жолғы монета ұлтымыздың әдет-ғұрыптарын насихаттайтын серияның 7-жұбы. Оны жинаушылардың қатары қалың. Бағасы да арзан емес. Сондықтан көбінесе өзі қызығатын дүние жайлы коллекционерлер жүзін жасырып айтуға ғана келіседі.

Монета жинаушы жанның қолына қазіргі таңда 200-ден аса ескерткіш алтын және күміс монеталар бар.

Монета жинаушы: «Бағасы аздап түскен кезде алтын монеталарды да сатып алу керек. Қазір оның құны унциясына 1645. Әзірге тиімді емес. Мен алған кезде 1300 доллар болатын».

Колекционерлер монетаны сату үшін алмайды. Қайталанбас жәдігер ретінде сақтайды. Ал еліміздің ұлттық банкі 2011 жылы өзгертілген үлгі бойынша номиналы бес мың теңгелік банкнотты айналымға шығарғанын да жеткізді. Жаңа түрдегі купюра 2006 жылы шығарылған үлгісін алмастырады.

Банкнотты шығарудағы басты мақсат қорғаныс белгілерін көбейту арқылы, жасанды ақша жасаудан қорғану. Дегенмен сарапшылардың айтуынша еліміздің ақшасы әлемдегі купюралар арасында қорғаныс белгілері жетерлік және ең үздіктердің қатарында.