18 наурыз – Ұлттық киім күні

31

Дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында қолға алынған «Ұлттық киім» күнінің маңызы өте зор. Наурыз мейрамының онкүндігінің бесінші күні ұлттық киімдерге арналғаны белгілі. Сондықтан да бүгін барлық мекемелер, оқу орындары, емхана қызметкерлері ұлттық нақышта киініп, ұлттық салт дәстүрімізді насихаттауда.

Айта кетсек, Атырауда өткен Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатқанын, оның өте орынды бастама екенін, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн екені айтқан болатын. Расында ұлттық нақышта киінген қандай әсем көрінеді.

Сарыағаш ауданы Нұрлы жол ауылындағы Б.Омаров атындағы №50 мектептің оқушылары ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті киюді әдетке айналдырған. Бұл бастамаға мектеп ұстаздары да атсалысып келеді. Тек наурыз мерекесінде ғана емес жыл бойы ұлттық киімде сабаққа келеді. Бұл бастаманы тек бір аудан ғана емес бүкіл ел бойынша білім ошақтарында қолға алса ғанибет болар еді.

Республикалық Наурыз мерекесіне арналған онкүндік аясында Шымкентте 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні аталып өтілмек. Осыған орай ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін насихаттау болып табылады.