«ОңтүстікЖарықТранзит» жаңғырту жұмыстарын жандандыруда

261

Шымкенттегі Мирас және Ұлағат ықшамаудандарындағы мыңк жарымға жуық отбасы үздіксіз сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілді. «Оңтүстік энерго сторйсервис» компаниясы электр жүйелерінде модернизациялау жұмыстарын жүргізіп, жаңа трансформатор пункттерін орнатты. Сондай-ақ электр сымдарын да жаңалады.

Ұлағат пен Мирас шағынаудандары Шымкенттің картасында таяуда ғана пайда болған елді мекендер. Қаланың шетінде орналасқан бұл аумақта элект жарығының мәселелері шешілместей еді. Бұрын Пахтакор аталып келген ауданда ескі ағаш бағаналар мен тозығы жетіп үзілгелі тұрған желілердің кесірінен тұрмыстық техниканы тұрғындар рахатына пайдалана алмайтын.Энергетиктердің 2011-2012 жылдарға бөлген 486 млн. теңге қаржысының 200 млн.-ы былтыр игерілген болатын. Аталған бағдарламамен аудандардағы да ескі электр жабдықтары жаңаланбақшы.

Ляззат Қожагелдиева, «Ұлағат» шағынауданының тұрғыны: «Бұрындары жарығымыз жиі өшіп қала беретін. Ортақ есептегіш құрал арқылы төлейтінбіз. Қазір жанымыз кіріп қалды. Еш қорықпастан теледидар көріп, тоңазытқышты да қоса аламыз. Халыққа ең пайдалысы сапалы электр энергиясын тұтыну арқылы емін-еркін әрбір үйде компьютерде ғаламторға қосыла алады. Бұл әсіресе бүгінгі заманда қаншалықтьы маңызды екендігі айтпаса да маңызды шығар. Тозығы жеткен желілер мен бағаналарды ауыстыру жұмыстары мұнымен әлі аяқталмайды. Алға қойған мақсат көп».

Ұлағат ықшамауданындағы 500 абонент жаңа желі бойынша электр жарығын пайдаланып жатыр. Биылғы жылы тағы да 11 трансформаторлық пункті мен 70 шаршы метр электр желісін жаңалау жоспарланған.Орнатылып жатқан жабдықтар еуропалық стандарттарға сай және бағаналардағы желілер фин елінен әкелінген. Сондықтан да сапалы қызметке ондаған жылдар кепілдік беруге болады дейді мамандар. Ал трансформаторлар Кентауда жасалған.

Энергетиктердіңинвестициялық бағдарламасы тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуді көздейді. Игерілмеген жер учаскелерінде де жаңа электртаратқыш бағаналар орнатылып қойылған. Жарық берушілер шілде айының біріне дейін жоспарланған модернизациялау жұмыстарын аяқтамақшы.