«Сәт» триосының ән қоржыны екі туындымен толықты

Сәт триосы

Шымкенттік «Сәт» триосының ән қоржындары екі туындымен толықты. Оның бірі «Елім менің», ал екіншісі «Жүрегім жылама» деп аталады. Алғашқы ән патриоттық тақырыпта жазылған. Туған жерге елге ештеңе жетпейді. Мен өз Отанымды сүйемін деген сөздерімен өрілген.

Ал «Жүрегім жылама» әнінің негізгі желісі қандай қиындықтар болса да қаймықпай, тек алға ұмтылу, мен ешқандай кедергілерден қорықпаймын деген мағынаны береді. Дәл қазір трио Қазақстанның қалаларын гасрольдік сапармен аралап жүр.

Шымкенттік «СӘТ» триосы туғаннан жанары көрмейтін жеткіншектер өнерімен танымал. Ал топ имүшелері: Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында білім алады.Балалардың бойындағы ерекше қасиетті байқап, оны әрі қарай дамытуға үлес қосқан музыка пәнінің мұғалімі, топтың қазіргі музыкалық жетекшісі Тамара Шілдерханова.

«Сәт» триосының әнші жігіттері ер жетіп келеді. Олардың әр қайсысының алға қойған өз мақсаттары көп. Өнерді жандары сүйетін «Сәт» триосының бос уақыттары да жоқ.

«Қашанда ізденіс үстіндеміз. Жаңа ән оған бейне клип түсіру дегендей. Ал қазір ең алдымен біздің жоспарымызда концерттік кештер өткізу тұр. Барынша Қазақстанның қалаларына гастрольдік сапармен барсақ. Ондағы ойымыз әнші өнерлі жігіттерімізді дүйім жұртқа таныстыру. Шығармашылығымызды жаңартып, өз тындармандар қатарымызды көбейтіп, ең бастысы өнерден ойып тұрып өз орнымызды табу. Қазір осы мақсаттарымыздың жүзеге асыру үшін талмай еңбек етіп келеміз»,-дейді әншілер.