«Жанарым менің жүрегім» атты облыстық фестиваль өтті

Шырқасын Шымкент. Бүгін Ш. Қалдаяқов атындағы филармонияда «Жанарым менің жүрегім» атты облыстық фестиваль өтті. Оған зағип және әлсіз көретін азаматтар қатыстырылды. Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандарға арналған арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен өтіп жатқан байқауға өңіріміздің барлық аудандарының жүйріктері іріктеп алынған.

Қамкөңіл жандардың жүректеріне шырақ, көңілдеріне шуақ сыйлау мақсатында өтіп жатқан дүлділ додаға 54 өнерпаз 4 номинация бойынша бақ сынамақ. Бірі, ән көңілдің ажары деп еркін тақырыпта эстрада-вокалды әндер шырқаса, бірі тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған авторлық әндер, өлеңдерін ұсынды. Ал енді бірі жыр – жүректің бұлағы деп қазақтың ақиық ақыны М. Мақатаевтың 80 жылдығына орай өлеңдерді мәнерлеп оқыды, Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына орай терме, жыраулар айтты

Фестиваль қонақтары ретінде түрлі деңгейдегі байқауларда көрініп жүрген «Сәт» триосының әншілері де шақырылды.
Жеңімпаздар ұйымдастыру алқасының ұйғарымымен әр номинация боынша арнайы жүлделермен диплом, алғыс хат, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды