«Сәт» триосы Ресейде өткен фестивальға қатысып қайтты

Сәт триосының әншілері

Шымкенттік «СӘТ» триосы өнерімен танымал.  Топ мүшелері Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында білім алады. Балалардың бойындағы ерекше қасиетті байқап, оны әрі қарай дамытуға үлес қосқан музыка пәнінің мұғалімі, топтың қазіргі музыкалық жетекшісі Тамара Шілдерханова.

– Жанарлары көрмесе де, олардың есте сақтау қабілеті өте мықты дамыған. Керемет. Әнді лезде жаттап алады. Дауыстары ерекше, таза. Басында сәл қысылатын еді, қазір ашылып келеді. Азатымыз еті тірі, сәл еркелеу. Тұрар баламыз момындау. Сапарбай салмақты. Үшеуінің де арманы бір – ән айту. Сахнаға шыққан сайын шаттанады. Бұлар тума талант иелері, – дейді Тамара Шілдерханова.

«Сәт «триосы жақында Ресей елінде ұйымдастырылған  жанарлары көрмейтін жас дарын иелері арасында өткен  «белая трость» атты фестивальге қатысып «туған ел» жайындағы әндерін орындаған.

Ал «Белая трость» фестивальіне кеңінен тоқталар болсақ, аталған байқау биыл екінші рет өткізіліп жатыр. Ал оның негізін қалаған Ресей елінің мақтанышы өзіде тумасынан көру қабілетінен айырылған әнші Диана Гурцкая.

Мен бұл байқауды өзіммен тағдырлас жандарға арнайы ұйымдастырамын. Балалар өз мүмкіндіктерінің шектеулі екенін білмесе деймін. Олардыңда ән айтып сахнада өнер көрсеткендерін қалаймын. Биылғы байқаудың ерекшілігі балалар Ресей елінің өнер майталмандарымен қосылып ән орындайды. Бір айта кетерлік қуанышты жағдай. Әріптестерімнің бұл ұсыныстан уақыттарының тапшылығына қарамастан бас тарпағандарына қуаныштымын дейді әнші Диана Гурцкая.

Бүгін түнде «Сәт»  триосы туған жерге оралады.