Шымкент зообағында қазақ ауылы ашылды.  Танымдық  мақсатта ұйымдастырылған «қазақы ауыл» зообаққа келушілерге құшақ жая қарсы алады. Мұнда бие сауылып, қымыз сапырып, шұбат сынды өзге де ұлттық сусын, тағамдардың дайындалу жолдары көрсетілмекші.

Киіз үй мен алтыбақан, май піскен күбі мен құрт қайнатар қара қазан… Бәрі де қазақы тіршіліктің бейнесі. Енді мұның бәрін Шымкент зообағынан тамашалай аласыз. Бұл үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. тек зообаққа кіретін билет сатып алсаңыз болғаны деп сендіреді зообақ басшылығы.

Сейдулла Жұбаев, Шымкент зообағының директоры: «Бие сауып, қымыз-шұбатымызды қалай дайындалатындығын зообаққа келушілерге көрсетіп, ұсынатын боламыз. Баяғы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен бір сәт болса да сыр шертетін болаимыз. Ешұқандай да коммерциялық мақсатты көздеп отырмыз. Барлық қазақстандық ұлттық құндылықтарымзы ұғына білсе деген ойдан туындаған дүние ғой бұл».

Қазақы ауы жобасы зообақтың бас жоспарында бекітілген. Бәрін де өз күшімізбен жасадық дейді ондағылар. Хайуанаттар бағындағы қазақ ауылы туралы келушілердің де пікірі  де теріс емес.  Б2рі де қазақы ауылдың болғанын дұрыс көріп отыр.

Десе де, қазақы ауылдың басқа емес дәл хайуанаттар бағынан ашылуының заңға қаншалықты сәйкес екендігін білу мақсатында прокурорлардан сұрау салдық.  «Зообақ мемлекттің ерекше қорғауындағы аумақ. Арнайы қабылданған заңдылықтарға сәйкес бұл жерлерде қоғамдық тамақтану және басқа да осы тектес нүктелерді ашуға тиым салынбаған.  Сондықтан да зообақта қазақ ауылының ашылғаны заңға қайшы келмейді деп толық айта аламыз,»-дейді ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Жанболат Туғанбаев.