Оңтүстікте тағы бір шығармашылық топ құрылды. «Давинчи мен Олжас Сапарәлі» дуэтінің ерекшелігі репертуарларындағы әндерінің барлығы ағылшын тілінде. Топ алғашқы туындысы -«Суперстар»әніне бейнеклип түсіріп үлгерді.
Рустам Гусенов, дуэттің пиар менеджері: «Давинчи-Олжас Сапарәлі» дуэтінің алға қойған мақсаты көп. Жігіттер Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алады. Мен осы дуэттің өнерден өз орнын табу жолында жұмыс жасап келемін. Қазірдің өзінде өз тындармандарымыздың қатарын толықтырып үлгердік деп мақтана аламын. Екінші әнге бейнеклип түсіруді де бастадық. Бірер күнде дайын болса, көрермен назарына ұсынамыз деп жоспарлап отырмыз».
Олжас Сапарәлі, әнші: «Алғашында неге қазақша әндер айтпайсыңдар дегендер болды. Әрине, біздің репертуарымызда туған тіліміздегі әндер міндетті түрде болады. Ал ағылшын тілінде айтқымыз келгені өзгелерден ерекшелену болатын. Қазірдің өзінде екі, үш әніміз жарыққа шықты. Жаңа бейнеклип көрермен назарына ұсынылды. Тіпті, жергілікті телеарналардағы ән шерулерден алғашқы орыннан көрінді. Осы сәтті пайдалана отырып, өнер сүйер қауымға алғысымызды жеткізгіміз келеді. Алғашқы бейнеклиптің сюжет желісі махаббат жайында өрбиді. Балалық шынайы махаббатты көрсеткіміз келді. Әрине біз биікті бағындыру үшін барынша дайындаламыз».