«Мирас» университеті 200 білім грантын тағайындады

1663

«Мирас» университеті жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдауын бастап кетті. Жағымды жаңалық – мұндағы ұстаздар түлектерге білім грантын тағайындап отыр. Беделді оқу орнында тегін білім алудың шарты – үш тілді білу. Яғни, талапкер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тест тапсырады.

Биылғы талапкерлер үшін «Мирас» университеті ерекше мүмкіндік ұсынуда. Баклавриат немесе магистратура негізінде білім алу үшін 200 грант бөліп отыр. Ал грант иегері атану үшін талапкер міндетті түрде тест тапсырады.

Рәшида Жаналиева, «Мирас» университеті педагогика факультетінің деканы: «Бұл талап – бізге ғана емес, студенттің өзіне тиімді. Тіпті үлкен мүмкіндік! Егер шет тілін жақсы меңгерсе, біздің арнайы бағдарламамыз арқылы білімін шетелде оқуына болады. Сондықтан барша талапкерге сәттілік тілеп, «Мирасты» таңдауға кеңес беремін!»

Мәжит Өтегенов – қолында дипломы бар педагог. Жоғарғы оқу орнын тәмамадаған түлек енді магистратураға түсуге ниетті. Жас жігіттің айтуынша, маманға ел аумағындағы 100 деген жоғарғы оқу орнынан ұсыныстар түсіпті, бірақ талапкердің таңдауы «Мирасқа» түскен.

Мәжіт Өтегенов
Мәжіт Өтегенов «Мирасты» таңдады

Мәжит Өтегенов, талапкер: «Шынымды айтсам, бұған дейін талай университеттің есігін қақтым. Бірақ білім грантына деген мүмкіндігім аз екен. Ал «Мирас» сияқты 200 грант тағайындағандар кем де-кем. Менің де бағым жанып кетер деген үмітпен осында құжаттарымды тапсырдым. Құдай қаласа, үздіктер сапынан табыламын деген ойдамын».

Бүгінде 18 жылдық тарихы бар «Мирас» университінің 7000-ға тарта студенті бар. Олар мұнда техникалық, педагогикалық, құқықтану-экономикалық сынды 31 мамандық бойынша білім алады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=46fJXQSwZPc[/youtube]

Қаламызда үлкен беделге ие оқу орнындағы қабылдау комиссиясы түлектерді Ғ. Іляев көшесі, №3 үйде күтеді. Бакалавр санаты бойынша талапкерлер 25 тамызға дейін, ал магистратурада біліма алуға ниеттенгендер 30 шілдеге дейін құжат тапсыруға мүмкіндігі бар.