Сот орындаушылары шет тілін үйренуде

507
You Tube

Шет тілін меңгеру қай қай маманыңызға да артық болмайды. Әсіресе халықаралық маңызы бар ағылшын тілін. Сайрамдықтардың да әлем халқына ортақ тілді үйренуге деген құлшыныстары жоғары. Барлық сала мамандары тіл ілімін үйренуге бет бұруда.

Сот орындаушылары да ағылшын тілін білуге міндетті. Жуырда Сайрам аудандық сотының төрағасы Берік Тыныбеков аудандық тілдерді дамыту орталығына қарамағындағы қызметкерлері үшін ағылшын тілін үйрету курсын ұйымдастыру туралы өтініш білдірген. Орталық қызметкерлері өтінішті жерде қалдырмай 96 академиялық сағат ұйымдастырып берді. Соңынан сот орындаушыларына сертификат тапсырды.