Шымкенттің жаңа теннис орталығының құрылыс аяқтала қойған жоқ. Алайда, 10 елдің теннисшілер он мың АҚШ долларын осы корттың үстінде сарапқа салуды жөн санапты. Өйткені, ыңғайсыз болса да, оңтүстікте ауа-райы қолайлы және бастапқы жоспардан тыс қалмауымыз қажет.
Раших Хасанов — ОҚО теннис мектебінің директоры: «Теннис орталығының сыртқы корттарының құрылысы аяқталған. Оның үстіне бұл жарыс жыл басында жоспарланып, күнтүзбіде осы алаңда өтеді делінген болатын. Сондай-ақ алдағы күндері қыздар арасында фючерс жарысы және жеткіншектер арасында да турнир осы орталықта өтеді».
Роман Хасанов Шымкенттік теннисші. Ерлер арасындағы ITF сериясының турнирінде топ жаруды жоспарлап отыр. Алайда словакиялық спортшыдан жерлесіміз басым түсе алмады.
Ал Ресейлік Алексей Ватутин Астанада өткен халықаралық жарыста үздік танылған. Шымкентте де ептілік танытсам дейді.
Алексей Ватутин, Ресейлік теннисші: «Жыл соңына дейін рейтингімді жоғарылатып, алғашқы 400 теннисшінің қатарынан көрінсем деймін. Ал Шымкенттегі бұл жарыс әзірге ойдағыдай өтуде. Бұйыртса, бұл жолы да жеңімпаз болармын деп үміттенемін».
Халықаралық теннис қауымдастығының қолдауымен өтіп жатқан ерлер арасындағы турнирдің кезекті турының жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайды. Алғашқы екі жарыс Алматымен Астанада өткен болатын. Ал оңтүстік өңіріне он елдің үздіктері келіп отыр.
Қазақстандықтардың арасынан келесі айналымға Алексей Кедрюк ғана өте алды. Ол алғашқы айналымда жарыстың жетінші ракеткасы қазақстандық Денис Евсеевтен 6:1, 4:3 есебімен басым түсті. Екінші кездесуін Өзбекстандық Андрей Болдаревпен өтті. Бүгінде Кедрюк отандастарымыздың турнирдегі жалғыз үміті. Алаң қожайындары да Халықаралық доданың жеңімпазы сәуірдің 14-не белгілі болады.