«Shymkent ATP Challenger» Халықаралық теннис турнирі өтеді

286

Қазақстан теннис Федерациясы 10-16 маусым аралығында Шымкент қаласында «Shymkent ATP Challenger» Халықаралық теннис турнирін өткізеді. Бұл жарыс Халықаралық теннис федерациясы аясында ұйымдастырылады және Президент Кубогынан кейінгі екінші ірі дода болып табылады.

Жарыстың жүлде қоры 50 000 АҚШ долларынан асады және жарысқа қатысу үшін 25 елден астам 100 жуық кәсіпқой ойыншы тапсырыс берді.

Осы дода алдында 9 маусымда сағат 15:00 Шымкент қаласы Б.Момышұлы көшесі 20Д мекенжайы бойынша Ұлттық теннис орталығында Қазақстанның ұлттық құрамасына кіретін отандық тенис жұлдыздары шеберлік сабағын өткізеді. Андрей Голубев, Александр Недовесов, Достанбек Ташбулатов, Тимур Хабибулин, Денис Евсеев, Григорий Ломакин сияқты атақты спортшыларымыз балалармен бірге жаттығады.

Сонымен қатар 11 маусым сағат 9:30 турнирдің ресми ашылу салтанаты және Теннис федерациясы мен Шымкент филиалының басшылығының қатысуымен брифинг өткізіледі

Аталмыш ірі спорттық жарыс, сондай-ақ, балаларға арналған шеберлік сабағы мен брифингке байланысты барлық БАҚ өкілдерін қала мәртебесін көтеру үшін осы іс-шараларды жан-жақты жариялауға шақырамыз.