Шымкенттен 135 шақырымдай жерде жер сілкінісі болды

378

9-сәуір күні таңсәріде Шымкентте жер сілкінді. Астана уақытымен 5 сағат 15 минутта орын алған зілзаланың магнитудалық қуаты 3,8 балды құраған. Бұл туралы арнайы сейсмикалық ақпараттарды жинау және өңдеу орталығынан хабарлады.

Шұғыл мәліметтер бойынша, жер сілкінісінің ошағы Шымкенттен 135 шақырым шығыста 6 шақырымдық тереңдікте тіркелген. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.