Латын-американдық биін шеберлікпен орындауға тырысқан жеткіншектер кезекті сынақтан оралды. Байқоңырда өткен халықаралық турнирде «жетінші құрлық» тобының бишілері алты алтын медальға қол жеткізді. Петр Матлашов пен Анастасия Мальцеваның жұбы аталған турнирдің екі дүркін чемпионы атанды.
Петр Матлашов и Анастасия Мальцева: «Бірінші орын алу қиын болды. Қарсыластарымыз өнерлі екен. Десек те, біз осал емес екендігімізді дәлелдей білдік».
Ең жас бишілердің өзі медальмен оралды. Олег Югай мен Каролина Ли да екі бірдей алтынға қол жеткізді. Өнер мектебінің шәкірттері де жеңіс тұғырына көтеріле білді. Мәселен, Анжела Александровамен Владислав Помпуров үш рет алтын медальді еншіледі.
Ангела Александрова: «Біз үш әдісте үздік танылдық. Әрине, қиын болды. Бірақ, біз бас жүлдеге қол жеткізу үшін бар өнерімізді салуға тырыстық».
Алтын медальға қол жеткізу-ерлікпен тең дейді чемпиондардың ата-аналары. Өйткені жерлестерімізге жаттығуға тиісті жағдай жасалынбаған.
Наталья Помпурова, ата-ана: «Бұл проблеманы қашаннан бері айтып келеміз. Жағдай жасалынбайды, ал жарыс өтетін алаңның төсеніші тіптен басқаша болып келеді. Осы жағынан қиындық туғызады».
Десек те жерлестеріміз қолынан келгенше жаттығуға тырысады. Алаң қолайсыз. Алда ірі жарыстар күтіп тұр. Оның бірі Берлинде өтетін халықаралық турнир.