Байқоңырдан «Союз» кемесі ұшырылды

196
Фото baq.kz

Кеше Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш станциясына үш ғарышкері бар «Союз» кемесі ұшырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

МКС-58/59 ғарыш экспедициясының негізгі экипажы құрамында ресейлік ғарышкер Олег Кононенко, канадалық астронавт Давид Сен-Жак пен америкалық ғарышкер Энн Макклейн бар. Бұл 11 қазан күні Байқоңырдан ұшқан «Союз МС-10» кемесі апатқа ұшырағаннан бергі ғарышқа көтерілген ең алғашқы кеме.

Қазанның 11-і күні Байқоңырдан «Союз МС-10» кемесін тіркеп ұшқан «Союз-ФГ» зымыран тасығыш апатқа ұшыраған болатын.