Қазақстан  Ресейдің «Байқоңырды» жалдау ақысын 3,2 млрд. теңгеге қымбаттатты.

29

Қазақстан  Ресейдің «Байқоңырды» жалдау ақысын 3,2 млрд теңгеге қымбаттатты. Қайта қаралған биылғы бюджет жобасында Ресей «Байқоңыр» кешенi үшін осы жылы 52 млрд. 143,5 млн теңге төлеуі тиіс деп бекітілген.

Сондай-ақ, жалдап отырған әскери полигондарға – 9 млрд 217,9 млн теңге ақы төлейді. Мамандарының мәліметінше бұл өзгеріс теңге бағамының АҚШ долларына шаққанда нақты өзгеруіне байланысты. Жалпы, ел арасындағы мәміле бойынша ғарыш айлағы кешенін қолданғаны үшін Мәскеу жыл сайын республикамызға 116 млн. доллар төлеп тұрады.

Ал, әскери полигондарды қолданғаны үшін 20 млн. доллардан астам қаржы төлеуге міндеттелген.

Шынар Оразова