Спорт пен білім басқармалары құда болды

593
Мұхтархан Ділдәбеков

Еліміздің мықты былғары қолғап шебері болған, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков екінші рет үйленді. Ресми түрде неке қиған жары кім дерсіздер?

Ару алыстан емес екен. Ол ОҚО білім басқармасының бастығы Альбина Елшиева. Қос жұп өткен жұма күні 100 адамға арнап, Шымкент қаласындағы «Манчестер» тойханасында дастархан жайып, заңды некесін қиып, тойлапты.

Мұхтархан Ділдәбеков

Мұхтархан Ділдәбеков — 1976 жылы 19 наурызда ОҚО, Мақтаарал ауданы Абай ауылында туған. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін (1998) тәмамдаған. Жаттықтырушы-оқытушы; Х.А. Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (2002) бітірген, заңгер.
2000 жылдан — облыстық Жоғары спорт шеберлігі кешенді спорт мектебінің бокс бөлімінің жаттықтырушысы.
2007 жылдан бері — ОҚО ОРБЖМ директоры. Азия ойындарының чемпионы (Бангкок, 1998); Әлем
чемпионатының (Хьюстон, 1999), Сиднейдегі Олимпиадалық ойындардың (2000), I Африка-Азия ойындарының (2003) күміс жүлдегері; Азия Чемпионатының (Филиппин, 2004) қола жүлдегері. Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2000) марапатталған. Мақтаарал ауданы мен ОҚО-ның Құрметті азаматы (2006).

Қазіргі таңда облыстық бокс мектебінің директоры.

Мұхтарханның алғашқы жары-Жанар есімді әйелінен Жангүлім, Сұлухан және Батырхан деген ұл-қыздары бар.

Альбина Елшиева

Альбина Елшиева — 1977 жылы 13 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы ОҚМУ халықаралық экономикалық қатынастар экономисі, заңгер.

1999 ж — 08.2000 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы туризм және спорт департаменті туризм бөлімінің жетекші маманы;
08.2000 ж. — 02.2002 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасы ақпараттық–талдау бөлімінің бас маманы;
04.2002 ж. – 01.2003 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы сыртқы байланыстар және туризм департаменті ұйымдастыру – ақпараттық қамтамасыз ету және
лицензиялау бөлімінің бас маманы;
01.2003 ж. – 01.2005 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы сыртқы экономикалық байланыстар
басқармасы ұйымдастыру–ақпараттық жұмыс бөлімінің бас маманы;
01.2005 ж. – 10.2007 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінің жетекшісі, бас маманы;
10.2007 ж. – 10.2009 ж. Ұйымдастыру–инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы;
10.2009 ж. – 08.2011 ж. Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары;
08.2011 жылдан бері ОҚО білім басқармасының бастығы.