«Ақпан батыр» ескерткіші ашылды

1807

Шымкентте тағы бір батырға ескерткіш ашылды. Қазақтың тектілігінен сыр шертетін «Ақпан батыр» ескерткішінің құрылысы осыдан 1 жыл бұрын басталған болатын. Қос мереке қарсаңында тұсауы кесіліп, жамылғысы түсірілген ескерткіш қаладағы әсем орындардың бірі болары сөзсіз.

Ашылу салтанатына халық көп жиналды. Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев бас болып, демеуші жасаған жеке кәсіпкерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады. Батырдың ұлы тұлғасындағы мүсінді жеңістің 67 жылдығына туралаған азаматтар, Отан үшін от кешкен ардагерлердің қатысуымен өткізді бұл шараны.

Батыр ескерткішін салуға 30 миллион теңге жұмсалыпты. Ал құрылыс 1 жыл көлемінде жүргізілді. Қалалықтар қашан ашылар екен деп ұзақ күткен батыр ескерткішінің маңы да көріктендіріліп, көгалдандырылған. Шымкенттің шырайын кіргізген әсем орында осы күні Ақпан батыр жырынан қойылым көрсетілді.

Тек Ақпан батырдың батылдығын ғана емес, қазақтың жүрек жұтқан тұлғасын танытып тұрған ескерткіш өзі орныталған осы орынға жарасып-ақ тұр.