Еркін күресші Ермек Байдуашевпен сұхбат

551

Еркін күрестен 84 келі салмақта белдесетін жерлесіміз Ермек Байдуашевпен сұхбаттасуға мүмкуінідік туған болатын. Палуан жазда өтетін Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

Ермек, жолдама жеңіп алу оңай болған жоқ. Қалай қол жеткіздің оған?

Ермек Байдуашев, еркін күрестен Лондон Олимпиадасына жолдама иегері:

-Түркияда өткен Әлем біріншілігіне өзім бардым. Бағым жанбады ма, әйтеуір, жолым болмады. Бірінші орынға ғана жолдама берілетін. Ал мен алдымен Әзірбайжандық палуанға, содан кейін Америка құрама штаттарынан келген палуаннан басым түсе алмадым. Ал Астанада өткен жарыста менің орныма Семен Семенов деген белгілі қазақстандық палуан жолдама үшін күресті. Алайда оның да жолы болмады. Сөйтіп, соңғы лицензиялық турнирге мені жіберді. Тайваньда өткен байрақты жарысқа қайта мен бардым. 12 жыл спортта жүрсем, осы дода мен үшін ең қиыны болды деуге де болады. Алты жекпе-жек өткіздім. Бірінші кездесуіме дейін-ақ қабырғамнан жарақат алып, күрескен сайын ауырып, мазамды алды. Десек те, менің ойым қабырғамның ауырғанында емес, ел үмітін ақтау болды. Әуежайда шығарып салуға келген ағалар жолдамасыз үйге қайтпасаң да болады деп әзілдеген болатын. Отандастарымның сенімін жоғалтпаудың амалын іздедім.

Соңғы мүмкіндікті өзге палуандар да қалт жібермеуге тырысқан сыңайлы ғой?

— Оныңыз рас, ең бірінші жекпе-жек Тәжікстан палуаны Салим Ходжаевпен болды. Оны жеңдім, кейін словакиялық Рене Матежовты да жыға білдім. Алайда ширек финалда беларусияның спортшысынан жеңіліс таптым. Қиын болды. Бір жағынан қабырғам ауырса, екіншіден осетиндік палуан мықты екен. Кейіннен, үшінші орын үшін таласта канадалық спортшыны жеңіп, қытайлық Регуленг Сиді артта қалдырдым. Алтыншы кездесуде басымдылық танытсаң жолдама қалтада болады дегеннен кейін бар күш жігерімді ортаға салып, тырыстым. Нәтижесінде ел үмітін ақтай білдім деп ойлаймын.

Енді жарақатыңыздан айықтыңыз ба?

— Жарақатымды дәрігерлерге көрсеттім, он күндей демалыс алып, бүгінде оқу жаттығу жиынына қайта шығып жүрмін. Негізгі жиын Грузияда өтетін дайындыққа жоспарланған. Қолымыздан келгенше ептілік танытуға тырысамыз ғой. Бір сыннан өттім, ал Олимпиада ойындарында кездесетін палуандардың басым бөлігі жылда күресіп жүргендер. Енді кімнің бағы шабатынын уақыт көрсетер. Тек еңбектеніп, сәтті өтетініне сеніммен қарау керек.

Басты жоспарыңызбен бөлісе кетсеңіз

— Негізі менің басты мақсатым, ол — Әлем біріншілігінде чемпион атану. Соңғы 40 жылдың ішінде қазақ палуандары еркін күрестен Әлемді бағындырмапты. Азия ойындарында да 15 жыл бұрын Мәулен Мамыров топ жарғаннан кейін қазақ палуандары биіктен көрінбепті. Осы екі жарыста жеңімпаз атанып, ел туын биікке көтерсем деген арманым бар. Ел үмітін