Чемпиондар қатары тағы бір палуанға толықты

431
Оңтүстіктің бір палуаны халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің чемпиондары белгілі болды. 300-ге тарта еркін күрес шебері арасынан 55 келідегі палуандар арасынан Нұрболат Абдуалиев үздік танылып, алтыннан алқа тақты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5IefVLIXboE[/youtube]

Сондай-ақ, Мұханбет Қуатбек және Жантас Дәрібай да топты жарып, күміс медаль иегері атанды. Ал қоржынға қола жүлдені салғандар – Махон Құралбаев, Ербол Нұрбек және Оразбек Саябай.

Оңтүстіктің бір палуаны халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Халықаралық дода аяқтала салысымен Шымкенттің боз кілемінде еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл жолы 400-ге жуық палуан медаль үшін таласуда. Олардың арасында Оңтүстіктің құрама командасы да бар. 30 қазан күні чемпиондар белгілі болады.