«Биік» жастары кезекті тур ойынын Шымкентте өткізді. Бұл жолы жерлестеріміз Өскемендік командамен сынға түсті.
Востоктың футболшыларына қарсы тұру оңтүстіктің жастарына оңай болмады. Алғашқы 25 минут бойы қақпаны қорғауға жерлестеріміз тырысты. Алайда, 26-шы минутта Шымкенттің қақпасына алғашқы доп соғылса, бір минут өтер өтпес есеп еселене түсті. Бұл матчтағы гол осымен шектелді.
Екінші таимда да доп қуалаған қос команда да қақпаны бағындыра алмады. Ендігі кездесу де Шым қалада бейсенбі күні өтеді. «Биік» командасы «Спартакпен» кездеседі.