Шымкенттік «Ордабасы» командасы ел жарысының бесінші сатысына көтерілді

196
Ордабасылықтардың шабуылы кезекті рет сәтсіз аяқталды, фото Тимура Джумабекова

Оңтүстік жанкүйерлерінің қуанышында шек жоқ. Өйткені, «Ордабасы» футболшылары Премьер Лига командалары арасындағы ел чемпионатының 11-ші тур ойынында үш ұпайға қол жеткізіп, турнирлік кестенің 5-сатысына көтерілді. Ал «Ертіс» керісінше алтыға түсті.

Ел жарысынның кезекті ойынында «Ордабасылықтар»өз алаңында «Ертісті» қабылдады.

Ойынның алғашқы минуттарында қай команда ептілеу екені байқала қойған жоқ. Алаң қожайындары да шабуылға шығуға асықпады. Алайда, ойынның 16-минутында Ұлықбек Бақаев есепті ашып, қонақтар алға шықты. Енді шымкенттіктерге жауапты гол соғу қажет болатын. Алайда, шабуылдар сәтсіз аяқталып, қақпаға доп соғыла қоймады.

Ойынның алғашқы жартысында Эндрю Мвесигваға Давид Лорияның қақпасына гол соқты. Сөйтіп, угандалық легионер таразы басын теңестірді.

Екінші таим жемісті болуы тиіс деген жанкүйерлердің үміті бар. Оңтүстік жанкүйерлері осыған берік сенді. Жасыл алаңға шыққан ордабасылықтар да белсенділік таныта бастады. Алайда, Қайрат Әшірбеков қақпашымен бетпе-бет шығып, мүмкіндікті пайдалана алмады.  Кейіннен осындай қателікті Мансур Гуйе де қайталады. Ордабасының сенегалдық легионері Фархадбек Ирисметовты ауыстырды. Ескерту қағазын алған Фархадбек аяғын ауыртып, ойынды ары қарай жалғастыра алмады.

Виктор Пасулько көп ойланбай оның орнына ұзын бойлы шабуылшыны алаңға шығарды. Гуйе – тиісті ойын өрнегін көрсете алғанымен гол соғу мүмкіндігін дұрыс пайдалана алмады. Десек те жанкүйерлер бұл футболшының ойынына дән риза.

Матч барысындағы үшінші гол ойынның 53-минутында қақпаға салынды. Бұл жолы да ордабасылық қорғаушы Эндрю Мвесигва көзге түсе білді. Есеп 2:1. Шымкенттіктер алға шықты.

Ендігі кезекте оңтүстік жанкүйерлері үшінші голдың соғылуын күтті. Команданың бас бапкері Виктор Пасулько да шабуылды күшейте түсті. Алайда, бүгінгі кездесуде оның шәкірттеріне Давид Лорияның қақпасын үшінші рет бағындыру бұйырмапты. Есеп өзгермеді. Тіпті, Ертіс ойыншыларының матч соңына қарай шабуылдай түсіп, гол соғуға ұмтылысы да нәтиже бермеді. Оның үстіне ауа-райының желді болуы да футболшылардың доп қуалауын қиындата түсті.

Екінші таим шымкенттіктер үшін сәтті аяқталып, ойын 2:1 есебімен аяқталды. Енді ордабасылықтар 27-мамырда қостанайлық «Тобылмен» шет алаңда бақ сынайды.

Бүгінде шымкенттіктердің қоржынында 19 ұпай бар. 12-тур ойынынан кейін ұпай саны көбее түсетініне жанкүйерлер сеніммен қарайды.