Шымкентте қоғамдық көлік отқа оранды

240

Шымкентте «Спартак» спорт кешенінің жанындағы аялдама маңында жолаушылар автобусы өртенді. Түс қайта, сағат 15:20-да №74 бағыттағы қоғамдық көлік отқа оранған.

«101» диспетчеріне өрт туралы хабар келіп түскен. Қоңырау шалушы «Спартак» стадионына жақын жерде орналасқан аялдама жанында автобустың артқы жағы жанып жатқанын айтқан. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін жолаушылар салоннан шығып үлгерген.

Оқиға орнына үш өрт сөндіру техникасы келіп жетті. 14 минуттан кейін өрт оқшауланды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез арада ауыздықтап, ауыр зардаптарға жол бермеді.