Жиырма жылдан астам уақыт бұрын дәл осы мектептен түлеп ұшқан кешегі түлек, бүгінгі кәсіпкерлер, «Мадина» макарон фабрикасының басшылығы алтын ұясына естелік сый сияпатын ала келді. Ұстаздардың ұлағаты әлі күнге ұлы мақсаттарға жетелейді дейді олар.
Айжан Наимбекова, «Барыс» ЖШС-нің қаржы директоры: «Бүгінгі жас түлектер секілді біз де осы білім ұясынан арман қуып, жиырма жыл бұрын түлеп ұштық. Қайда жүрсек те ертеңіміздің негізін қалаған ұстаздар қауымын ұмытпай, шәкірттік парызымызды өтегіміз келеді. Бүгін осының бір сәті түсіп отыр. Мұғалімдерімен алғысым шексіз, ыстық ұям -мектебімізге қолдан келген көмегімізді аямаймыз деп сендіргім келеді».
«Мадиналықтар» мектеп мұғалімдеріне бәріне дерлік мерекелік сый-сияпат жасады. Ұстаздық етуден жалықпаған ардагер ұстаздарға ақшалай және заттай да тарту жасап, құрмет көрсетті. Ең басты сыйлық, «Мадина» макарон фабрикасы демеушілік жасап, мектеп айналасына қоршау орнатып, қақпа орнатып берді.
Бақбет Орманов, Ю.Гагарин атындағы мектептің директоры: «Мен бүкіл мектеп бітіруші түлектерді бүгінгі айтуыл оқиғамен құттықтаймын. Сондай-ақ «Мадина» ЖШС-не айтар алғасым шексіз. Мектеп аумағына толық қоршау жүргізіп, қақпа орнатып берді. Осындай түлектерді тәрбиелеп шығару білім ұясы үшін мақтаныш».
Бүгін Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде 100-ге жуық бітіруші түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Жас өрендер «мадина» макарон фабрикасындағы аға буыннан өнеге алып, келешегімізді кемелдендіре түсуге бұлда бір үлгі дейді.