Оңтүстіктегі «Дарын» мектептері жылдық қорытынды кеңес өткізді

564
Оңтүстікте аттестациядан өтпей қалған мектептер көп

Облысымызда 17 “Дарын” мектебі бар болса, олардың әрқайсысында тереңдетіліп оқытылатын жүйе қалыптасқан. Оқу жылы соңында дарынды оқушылар бас қосып, қорытынды ғылыми-практикалық кеңес өткізді. Басқосу барысында дарынды шәкірттердің жеткен жетістіктері сарапқа салынды.

Осылай өрбіген ғылыми-практикалық конференцияға 6-11 сынып арасындағы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып танылған 70 оқушы жиналып, 18 оқушы баяндама оқыды.

Жастолқынның жайын тілге тиек еткен аға буын қазақ халқының ғалымдарына тоқталды. Тіпті тарихи тұлғаларды атап өтті ғылым жолында өмірін сарп еткен.

Халықаралық, республикалық ғылыми байқаулардың жүлдесін иеленген оқушылар марапаттаған ОҚО білім басқармасы бастығының орынбасары Серік Әуесханов өз кезегінде ұстаздардың жаңа жүйені меңгеруін шегелеп айтты. Алдағы уақытта ОҚО білім департаменті облыстық дарын ғылыми қоғам құруды жоспарлап отыр.

Перизат Төлтебаева ғылыми жобасын іске асырмақ

Перизат Төлтебаева, №2 дарын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы: «Күннен және жұлдыздардың келетін сәулелердің құрамын эксперименттік тұрғыда зерттеу»тақырыбы турасында зерттеу жүргіздім. Себебі күннен және жұлдыздардан келетін сәулелердің құрамы әлі күнге толығымен зерттелген жоқ. Бастысы, ғылыми мақалам көпшілікке пайдасы тиіп, бағаланса деймін. Сондай-ақ бағалану демекші, бұл ғылыми-мақаламның бірінші бөлімі халықаралық «Ғылым әлемін ашайық» байқауында жүлделі 3-орыннан көрінді. Бұл да болса, еңбегімнің жанғаны деп білемін».


Асма Қалыбекова, академик, педагогика ғылымдарының, кандидаты: «Біздің қазақтан шыққан небір ғалым-ғұламалар туған. Тектілігін ту еткен халықпыз ғой. Мәселен, гректердің әлемге әйгілі Платон деген ғалымы бар. Бізде ол – Мұхаммед Қашқар Дулати. Елге өз аманатын табыстап кеткен. Асан Қайғы да елдің жоғын жоқтап, қамын куйттеп, қайғырған. Ел болашаған бағамдай отырып қайғырды ол. Айта берсек көп қой мұндай көпшіліктің жағдайын ойлап, ғылым жолында аянбай тер төккендер. Сондықтан, оқушылар елдің ертеңін біз сендер арқылы ғана елестете алатынымызды ұмытпаңдар!»

Серік Әуесханов, ОҚО білім басқармасы бастығының орынбасары: «Биылғы жыл біз үшін жемісті болды. Мәселен, өткен жылы біз жаратылыстану пәндері бойынша Республикада 5 медаль алсақ, биыл 10 медальды еншілеп келдік. Яғни екі есеге жоғарыладық. Ал гуманитарлық бағыт бойынша 2011 жылы 3 медаль бұйырса, ағымдағы жылы 10 медальды иемдендік. Бұл да ауыз толтырып айтарлық жеңіс! Сондай-ақ биыл біз қатаң түрде білімді треңдетіп және жоғары дәрежеде оқуды қолға алып отырмыз. Егер бұл тәртіпке ұстаздар тарапы қарсылық білдіріп немесе талапқа сай келмейтін болса, жұмыстан шығаруға мәжбүрміз. Әрине, бұл ескерпе жарлықтың барлығы да Қазақстанның болашағы үшін».