Шымкентте «17» нөмірі бір күнде 50 автокөлік иесіне берілді

760

Шымкенттік автокөліктерге «17» нөмірі беріле бастады. Жаңа белгілік нөмірдің алғашқы иелері автокөліктерін мамандандырылған ХҚКО-да рәсімдеуде. Оларға Шымкенттің 8 ХҚКО- н есепке алғанда, мемлекеттік корпорацияның 25 фронт-офисі қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсету орталығында ығы-жығы халық. Таңеретеңнен бастап 50 автомобиль иесі жаңа нөмір алып үлгерді. Олардың арасында Серік Тыныбаев та бар.

Серик Тыныбаев, көлік иесі: «17 нөмірін алдым. Шымкентте тұрған соң, осы нөмірді алу керек деп ойлаймын».

Автокөлік құралдарына қатысты өзгерістер Шымкент қаласына мегаполис мәртебесі берілгеннен кейін енгізілді. Жаңа көлік алатын Түркістан облысының тұрғындары үшін «13» нөмірі қалдырылады. Көлік жүргізушілері көліктерін Түркістан және Сайрам аудандарындағы мамандандырылған ХҚКО арқылы тіркеуге болады.

Жаңа нөмірлерді рәсімдеу үшін автокөлік иесінің жеке басын куәландыратын куәлігі мен техникалық төлқұжаты қажет. Онымен қоса мемлекеттік нөмір талап етіледі. Орталық қызметкерлері бір жарым сағат ішінде рәсімдеп береді.