Ел болашағы есті ұрпақтың қолында

626
№9 лицейдің арулары
№9 лицейдің арулары
№9 лицейдің арулары

Қазақ қызы қандай болу керек? Дәл осы сұраққа жауапты педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асма Қалыбекова берді. Қаламыздағы №9 лицейдің бойжеткен арулары нәзікжандылардың жүріп, тұрысы мен бірге қалай киіну керектігі жөнінде маңызды ақпарлар алды.

Асма Қалыбекова
Асма Қалыбекова

Асма Қалыбекова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор: «Қазақ қыздың киінуіне де ерекше мән берген. Бір көйлек сатып алдым деп қоя салуға болмайды. Оның түсіне, үлгісіне мән берген.»

Қоршаған ортаның гүлі , әр отбасының тірегі, ұйытқысы ару қыз бен ибалы әйел. Бүгінгі оқушы қыздың түзу бойы түзеуі қоғамға сын. Батыстың былығын емес, ұлттың нақышын құрметтеп өскен ару, өмірде адаспасы анық. Кейбір құрдастарының ерсі қылығы үшін ұялатындарын жасырмады лицейдің үздіктері.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қыздар оң-солын танымай, жаман әдетке бой алдыртып жатады. Сән қуамын деп, мәнін жоғалтып алды. Сондықтан да, отбасында берілетін тәрбиенің орны ерек деген профессор Асма Қалыбекованың сөзіне қосылады. Мұндай тәлім-тәрбиесі мол лекциялардың қажет екенін ұғынады.

Инабаттылық пен ибалықты, ұқыптылық пен әдептілікті бойына сіңіріп өскен ару-аяулы ана ғана емес, елдің айнасы.