Биыл 1700 әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасының балалары сауықтыру лагерлерінде тегін демалатын болады. Бұл бағытқа қала бюджетінен арнайы қаражат қаралған. Бүгінде Көлкент елді мекенінде орналасқан Ақсу лагері балалардың демалысын қызықты өткізу үшін дайындыққа кірісті.
Көркемсурет мектебінің шәкірттері тақтайшалардағы әсем суреттердің сырын қалпына келтіріп бояуға кіріссе, спорт мектебінің балалары жолжиек тастарды түрлі-түсті сырмен сырлауда. Ал ұстаздар өскен шөпті оруға кірісіпті. Осылайша жұмыла жасаған жұмыстың нәтижесінде маусым айының басында лагерге келетін балаларды қарсы алмақ.
Қала бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының балаларын демалдыру мақсатында 28 млн. 604 мың теңге бөлінген. Былтырғы жылы бұло қаржы 29 млн. 496 мың теңге болатын
Бұдан бөлек, жалпы білім беру мекемелерінің жанынан ыстық тамақпен қамтылған және тамақсыз жұмыс жасайтын 340 мектепалды алаңын ашып, 7800 оқушыны қамту жоспарлануда. Өткен жылғы оқу жылында 332 топ ашылып, 7500 бала қамтылған болатын.