Ірі күріш өндірушілері тексеріледі

70
18 ш/а тұрақтандыру қорының көлігінен әлеуметтік бағада өнімдер сатылуда

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша Қызылорда  облысында күріш өңдейтін бірнеше компанияда тексеріс басталды. Облыстық департамент әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына талдау жүргізіп отырады. Осы орайда жергілікті өнімге басымдық беріледі.

«Мамандар 9 ірі күріш өндірушінің баға белгілеу шараларына талдау жасады. Соның нәтижесінде күріш өңдейтін 6 компанияда тексеріс өткізуге шешім қабылданды. Бағаны көтеру себептері анықталады. Ал қалған кәсіпорындар облыстың тұрақтандыру қоры үшін күріштің бір келісі үшін бағаны 420 теңгеден 350-ге дейін төмендетуге келісті «, – делінген ресми хабарламада.
Тұрақтандыру қорындағы күріш әлеуметтік дүкендерге сатылады. Халық үшін бағасы 350 теңгеден аспауы шарт. Қазіргі кезде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен әкімдік күрішті сату мәселесін пысықтауға кірісті.