фото: Тимур Джумабеков

Қазақстан халық­тарының бірлігі күнін Шымкенттіктер ерекше қарсы алды. Құдай қарасып күннің шуағы да шарапатын төгіп тұрды мерекені тойлаушыларға. Жылдағы дәстүрден жаңылмай орталық алаңнан басау алған мереке жиылған жұртты шат шадыман етті. Алдымен ұлт бірлігін ұрандатып 20-дан астам мәдени орталықтың ұлыс өкілдері маршттық шерумен жұрт алдынан өтті.

Мамыражай мамырдың бiрi күнгі мереке бірнеше жылдан бері жаңа тұрпатта тойланып келеді. Соның нәтижесінде бұл күнді елiмiздiң басты мерекесiне айналдыру идеясы да жүзеге асуда. Бүгінгі салтанатты шеруде шымкенттегі 20 мәдени орталықтың өкілдері, елдегi этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсті. Ынтымақты нығайтатын көріністер арқылы достықты ту етті. Бұл да болса Тәуелсіздіктің 20 жылдығының жемісі болса керек.

Бiрлiгi берекелi, тiрлiгi мерекелi, ынтымағы жарасқан елдiң шырайы кіріп, халықтың реңі нұрланды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында ұлт татулығының нығаюына үлес қосқан оңтүстіктегі барлық мәдени орталықтың жетекшілері облыс әкімінің арнайы грантына ие болды.

Халықтар бірлігінің мерекесі бүгінде бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған шымкенттіктер үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің символы іспеттес.