Биыл «Дәм дәстүр» жәрмеңкесі 1 мамырда өтеді

37

Шымкентте дәстүрге айналған «Дәм дәстүр» жәрмеңкесі мамыр айында ұйымдастырылмақ.

Бауырсақтан бастап, қуырдақ, қимай, қарын бөртпе сынды ұлттық тағамдар таныстырылатын бұл шара Ұлыстың ұлы күні өтетін. Алайда биыл Мерекелік дастархан жайылмады. Мамандар мұны Наурыз мейрамы Рамазан айына тұспа тұс келуімен байланыстырады. Ал қазір жобаның жаңа форматы әзірленіп жатыр.

«1 мамыр бейбітшілік және келісім күні біз үлкен «Дәм дәстүр» іс-шарасын ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Қазір шараны өткізу үшін ассамблеяға қарайтын бүкіл ұлттардың өздерінің тағамдарын сол Әл-Фараби алаңына шығарып, үлкен жәрмеңке жасасақ деп жатырмыз», – дейді Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының м.а. Ерболат Оспанов.