9-мамыр! Бабаларымыз аңсаған, азаттыққа жеткен күн! Жеңіс туын желбіретіп, қайғы-қасіреттен құтылған күн! Ерін жоқтаған жесір әйелдер, перзенттерінен айырылған асыл аналар мен қабырғасы қайысқан әкелердің үміті ақталып, әр шаңырақта үміт оты қайта жанған күн! Одан бері міне, 67 жыл өтті. Ол кездегі Отан үшін жанын аямаған ардагерлеріміздің дені бүгін арамызда жоқ. Ал тарихтың куәсіндей болып қалған азының жасы 90-нан асады.
Олардың ерлігі өлшеусіз. Сондықтан 9-мамыр қарсаңында арнамыздың ең кішкентай тілшілері де соғыс ардагерін құттықтап баруды жөн көрді.
87 жастағы Әбдібай Бабаев ата соғыстың сұмдығын өз көзімен көріп, отты жылдары қолына қару алып, отан қорғаған соғыс ардагері. 1942 жылы әскерге аттанып, 1947 жылы өз еліне оралған қария Ресейдің батыс облыстарын, Украйна мен Польша, Чехословакия елдерін басқыншылардан азат етуде шайқасқан.
«Ең ауыр соғыс Мәскеу түбі мен Сталинград және жау қолында қалған Украинадағы Отты бұғаны басқыншылардан азат ету болды»,- деп, есіне алды соғыс ардагері. Он тағыз жасында соғысқа аттанып, майданның алдыңғы шебінде, гвардиялық полкта зеңбірекші болған Әбдібай ата көргені мен бастан кешкенін ешкімге тілемейді.
Әбдібай Бабаев Ұлы Отан соғысының 50 жылдығына орай Мәскеуге Қазақстаннан шақыртылған делегацияда Оңтүстік облысынна барған жалғыз ардагер. 19 адамнан құралған делегацяда қарияның айтуынша, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қаһарманы, партизан- жазушы Қасым Қайсенов, ҚР Қорғаныс министрі мен Кеңес Одағының батыры, әскери әуе жолын бағындырған ұшқыш Талғат Бигельдинов те болыпты.
Ал соғыс өрті сейілген бейбіт жылдары ерлік иесі бірнеше жоғары шенді мекемелерде жоғары қызмет атқарды.