«Мен және менің балам». №70 мектеп-балабақшасындағы мерекелік шараның тақырыбы осы. Бірінші маусым — балаларды қорғау мерекесіне ұстаздар ұжымы ата-аналармен бірлесіп екі ай бойы дайындалыпты. Нәтижесінде балабақша ауласындағы 12 ойын алаңшалары көріктендірілді.

Бір қызығы, алаңшаларды көріктендірген ата-аналар бірде-бір материал сатып алмай, барлығын өз қолдарымен жасады. Мысалы, көліктердің ескі дөңгелектерін, полиэтилен құтыларды пайдалана отырып, түрлі аң-құс бейнелері мен гүл жасап шыққан. Осындай байқауды ұтымды ойластыра білген мектеп басшысы ата-анасымен бірлесе әрекеттену бала ойының ұшқыр болуына әсері бар дейді.

Мұнан кейін топаралық байқау басталды онда ата ана өз сәбиімен бірлесе отырып түрлі түсті бояумен ішкі дүниесін ашуы тиіс ол балғының қоршаған ортаға деген көзқарасын көрсетеді. Айнұр Қапаева үш жастағы баласымен көктемді кескіндепті . Жас ананың бұл тақырыпты таңдауына бояу түсіне байланысты болған.

Қорытындысында шараға белсене қатысқан ата-ана тәрбиеші және балабақшада тәрбиеленушілердің бәрі арнайы сыйлықтармен марапаталды. Ересектер балалардың әсем әндерін тыңдап мың бұралған билерін тамашалады.