Басты жоспар жеңіс емес, тәжірибе жинақтау

Екінші айналымда қоржынымыз үш ұпаймен толығады. Шымкенттік «Биік» командасының басшылығы турнирдің екінші жартысына осындай жоспар құрып отыр. Бүгінде бірінші лига окмнадалары арасындағы ел біріншілігінің 7 тур ойыны аяқталды. Жастардың қоржынында 4 ұпай ғана бар. Басты мақсат жүлделі болу емес, жеткіншектердің тәжірибесін шыңдау болатын.

Нұрлан Орынбаев , №7 футбол мектебінің директоры: «Команданың негізгі құрамын 16-18 жастағы футболшылар. Маусым басында бұл жеткіншектердің алдына жалғыз мақсат қойған болатынбыз. Ол — тәжірибе жинақтау. Бүгіннің өзінде олардың төртеуі ұлттық құрамаға шақыру алды. Голландияға барып қайтты».

Биіктің жастары жеті ойынның біреуінде жеңіске жетсе, тағы бірінде қарсыласымен тең түскен. Алайда бастысы жеңіс емес, өйткені ересек футболшылармен таласқа түсу жерлестерімізге оңай емес.

Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Әрине гол соқпай жетістікке жету мүмкін емес. Алайда табиғатты алдай алмаймыз ғой. Қанша дегенмен біздің команданың ойыншылары жастау. 70 минут бьойы ептілік танытуға тырысқанымен, кейіннен шаршап қалады. Ересектерге қарағанда физикалық дене бітімі де әлсіздеу».

Екінші маусымда команда құрамы өзгермейді. Тек Сәлік Жантлеуов өзге командадан шақыру алған. Ал оның орнына 17 жастағы футболшылар толықтырады.

Нұрлан Орынбаев , №7 футбол мектебінің директоры: «Генерал болуды армандамайтын сарбаз жоқ дегендей. Ұпай алуға тырысып жатырмыз. Екінші маусымнан бастап, ойын түзеліп қалуы тиіс. Бүгіннің өзінде жастар ептілік танытуға тырысып жатыр».

Қаражат мәселесі де шешілген дейді Нұрлан Орынбаев. Қосымша тағы 30 миллионға сұраныс жасаған. Қуантатыны команданың өз жанкүйерлері пайда болып, таблодағы есепке қарамастан жерлестерін қолдауға тырысады.

Соңғы ойында жерлестеріміз көптен күткен жеңіске қол жеткізе білді. Шет алаңда «Ақбұлақпен» сынға түскен Шымкенттіктер қақпаға екі допты соғып, топ жарды.