15-16 жастағы футболшылар бірінші лигаға тартылады

266
Н. Орынбаев: "Қолда бар алтынның қадірін білейік."

Бұл №7 футбол мектебінің ең жас аяқдопшылары. Әзірге ресми жарыстарға шыға қоймаған. Алайда бапкерлер бұл жеткіншектерге үміт артып, қыстың күні де жаттығуларын тоқтатпауда.

Алға қойған жоспар көп. Оның ішінде қыздар командасын жүлделі орындарға жетелеу. Биылғы чемпионат жерлестеріміз үшін оңай болмады. Алайда жарыс аяқтала салысымен-ақ олар қателікпен жұмыс жасалынуда.

Биылғы маусымда спорт мектебінің жанынан БИИк командасы құрылып, жерлестеріміз бірінші лигада ептілігін сынға салған болатын. Бірінші жылдың өзінде бір қатар аяқдопшыларымыз көзге түсе білген. Соңғы сатыда болса да тәжірибе жинақтап, бапкер сенімін ақтай алды.

Биыл мектептің еншісіне стадион салуға арналған жер бөлінді. Бүгінде ол бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның үстіне келесі жылдан бастап, жаңа жай футболы да қолға алынатын болады. Жоспар көп, ең бастысы оны іске асыру қажеттігін алға  тартады.

Н. Орынбаев: "Қолда бар алтынның қадірін білейік."
Н. Орынбаев: «Қолда бар алтынның қадірін білейік.»

Нұрлан Орынбаев, қалалық №7 футбол мектебінің директоры: «Биылғы маусымда алдымызға қойған жоспарды 100 пайыз орындай білдік деп айта алмаймын. Әрине, жұмыс барысында қателіктер болды. Қыздар командасы ел чемпионатында сәтті өнер көрсете қойған жоқ. Жарыстан кейін қай жерде қателік жібердік деп жиын да жасадық. Енді, келесі маусымда өзбекстандық бапкер қыздарымызды жаттықтырып, чемпионатта жүлделі орындар үшін таласатын болады. Бірінші лигада ептілік танытуға тырысқан командамызға да ендігі жылға үміт артып отырмыз. Команда құрамына 15-16 жастағы футболшыларды да қосамыз. Тәжірибе жинақтай берсін. Оның үстіне, былтырғы аяқдопшыларымыз ересектермен доп қуалап, шеберлігін арта түсті. Енді, келесі жылы ұпай үшін таласта аса қиын болмас деп сенемін».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=9vDVCUn5Bso[/youtube]