Төрешілер көктемгі сынаққа дайындалуда

253
төрешілер мектебінің оқушылары
төрешілер мектебінің оқушылары
Төрешілер мектебінің оқушылары

14 жас футболшы бүгінде төрешілер мектебінде білімін жетілдіріп жүр. Олардың басым көпшілігі осыдан бір жыл алдын жасыл алаңға арбитр ретінде шығамын деп ойламаған да еді. №7 футбол мектебінің жанынан орталық ашылғалы ұстаздардың шақыруымен футбол төрешілерінің қатарын толықтырған.

Құрылғанына екі жылдай ғана болған жас арбитрлер мектебінде болашағын төрешілікпен ұштастырсам деген жастар жиналған. Оларға республикалық дәрежедегі төреші Евгений Шкарин футбол теориясын жеткізуде.  Оның үстіне ақпан айының соңына қарай төрешілер арасында оқу-жаттығу жиыны басталады. Бұл мектептің жастары сол сынаққа дайындалуда.

Евгений Шкарин жас арбитрлерді ОЖЖ дайындауда, фото Тимур Джумабековтікі
Евгений Шкарин жас арбитрлерді ОЖЖ дайындауда, фото Тимур Джумабековтікі

Сынақтан мүдірмей өтуі үшін олар купер тестін, футбол ойынының теориясын жатқа білуі тиіс. Өткен жылы екі жерлесіміз іріктеуден сүрініп қалған болатын. Биыл ол қателік орын алмас деп сенеді қазыларр мектебінің ұстаздары.

Евгений Шкарин, арбитрлер мектебінің ұстазы: «Өткен жылы арбитрлер мектебіне қыздар командасынан да ойыншылар шақырылған болатын. Алайда, олардың басым көпшілігі жасыл алаңға футболшы ретінде шығуды қалады. Төрешілер қатарында қыздардың болғаны дұрыс еді. Жалпы 25 жас мектепте білімін жетілдіріп жүр. Алайда, олардың 14 ғана алдағы оқу-жаттығу жиынына қатысады. Өткен жылы екі оқушымыз өтпей қалған болатын. Биылғы дайындығымыз жақсы».