Халықаралық балаларды қорғау күнінде жасөспірімдерді бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері де жылы сөз бен сыйлықтардан кенде қалмады. Оларды мерекемен құттықтауға «Изуми» сауда жүйесінің өкілдері келген болатын.

Барлығы бала көңілі үшін. Жасөспірімдерді оңалту орталығына қонаққа бала тағдырына бейжай қарай алмайтын Изумиліктер келді. Мереке күні олардың әкелген қонақкәдесі де болды.

Сапар Ерик, «Изуми сауда жүйесі директорының орынбасары: » Біз балаларды қорғау мерекесі күні балаларды құтықтауға келдік. «Изуми» сауда жүйесінің директорынің атынан денсаулық, бақыт тілей отырып, қолғабыс көрсетуге келдік».

Балалар үшін кәсіпкерлер нағыз мейірбан сиқыршылар ролінде. Бұл жолғы көмек Изумиліктердің алғашқы қайырымды ісі емес. Қаншама жылдан бері «Изуми» сауда жүйесінің көмегімен мұнда жаңа асхана, шомылу орны, балаларға арналған алаңшалар пайда болып, жол да жөнделген. Барлық бос уақытын жасөспірімдер осында өткізеді. Теңбіл доп теуіп әйгілі спортшы болуды да армандайды.

Музравша-Жахангир Аблаев, «Жасөспірімдерді бейімдеу орталығы» директоры қызметін атқарушы: » Өмірәлі Шералыұлына үлкен алғыс айтқымыз келеді. 7-8 жылдан бері мереке, жәй күн демей әрдайым көмек көрсетіп, балалардың жағдайын сұрап, не қажет деп сұрап тұрады. Бүгін де балалрды құттықтап келіпті. Үлкен рахмет».

Биыл «Изуми» сауда жүйесінің халыққа қызмет етіп келе жатқанына 12 жыл толады. Осы уақытта компанияның балаларға көмек көрсетуі үрдіске айналған. Бала үшін барымызды аямаймыз дейді ұйымдастырушылар.