Қазақстанда поездар жазғы маусымдағы кестеге көшті

1140

Жолаушылардың назарына. 1-ші маусымнан бастап поездар жазғы мезгілдегі бекітілген кестеге сәйкес қатынауда.

Поездардың кестесі жазғы маусымға өтті

Билет сатып алғандардан тақ, жүп күндері жүретін поездардың кестесіне де мұқият болғандарын теміржолшылар ескертеді. Шымкент станциясы вокзалы жолаушыларға әсіресе балаларын жетектеген ата-аналарға толы.

Бірі еліміздің өңірлеріне, кейбірі Ресей, Ташкент бағытына жол тартқандар. Перронда поез күткендердің арасында Тұрдыкүл Тәшкенбаева да бар. Шымкенттің тұрғыны 1-ші масуымнан поездардың жүру кестесі өзгергенінен бейхабар болып шықты.

Тұрдыкүл Тәшкенбаева, жолаушы: «Білмейді екенмін. Билетті алатындар бар ғой, келіндер. Немерелеріммен Ақордадан келе жатқан поезды күтіп отырмын. Құдайға  шүкір, 26 немерем бар, Нұрсұлтаннан келінім немерелеріммен келе жатыр».

Вокзалдың кезекшілері поездардың жүру кестесі жазғы мезгілдегі кестеге өткенін жолаушыларға түсіндіруде. Кестені ғаламтордан да көруге болады. Теміржолшылар сапарға билет сатып алғанда поездың жүретін уақытына назар аударуды ескертеді.

Эльмира Аманбаева Шымкент ст. вокзалы бастығының кезекші көмекшісі: «Құрметті жолаушылар! 1-ші маусымнан поездардың кестесі өзгерді. Кассадан, терминалдан билет алғанда, қолдарыңыздағы құжаттарға мұқият болыңыздар. Поездың жүретін уақытына  зер салығыздар».

Жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие Нұрсұлтан, Алматы бағытына бірнеше поез қатынайды.

Егерде 1 маусымға дейін Шымкент-Алматы бағытында «Тальго» поезы Шымкент вокзалынан сағат 22:05 уақытында жүріп кетсе, енді бір сағат ерте қозғалатын болады.