Жарыс мамырдың 30-на Шымкенттің спорт алаңында басталған болатын. Мергендік танытуға Өзбекстан Қырғызстан және Қазақстанның жүзге жуық спортшысы қатысқан болатын.
Ольга Ли, жарыстың бас төрешіс: «Жақсы нәтиже көрсеттік деп ойлаймын. Өйткені м2 ауыр жаттығуларында мергендік танытуға тырыстық. Оның үстіне біздің команданың бір спортшысы халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындады. Және бесеуі спорт шебері атанды».
Ал Шымкенттік мерген Иван Нестеренко бұл жарыста екі бірдей медальға ие болды. Олимпиадалық айналымда алтыннан алқа тақса, М2 жаттығуында қоладан алқа тақты.
Иван Нестеренко, жарыс жеңімпазы: «Командалық есепте де топ жару оңай болмады. Әр бір ұпай үшін талас жүрді. Жарыстың соңғы сәтіне дейін жеңуге тырыстық. Қателіктер болып, нәтижесінде қоладан алқа тақтық. Енді жаттығуларға қайта кірісеміз, келесі жолы алтыннан алқа тағуымыз тиіс».
Бұл жарыс аяқтала салысымен мергендеріміз мектеп оқушылары арасындағы спартакиадаға дайындығын бастайды. Дода маусымның 24-не Алматыда басталады.