Шымкент мергендері Қазақстан чемпионатынан олжалы оралды

227
Елизавета Лунина - чемпион атанды

Елизавета Лунина кезекті жарысқа дайындалуда. Қолына қаруын алып нысанаға көздеген мерген жуырда ғана ел чемпионатынан оралды. Жекелей есепте және командалық сынақта да топ жара білді. 5 бірдей медальға қол жеткізген Елизавета бұдан да биік белестерді бағындырсам деп жоспарлайды.

 Елизавета Лунина, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Әрине, бұдан да үлкен көрсеткішке қол жеткізуге болар еді. мәселен, МВ-5 жаттығуында екінші орын алып қалдым. Алтынға да талпынуға болар еді. Енді жұмыс жасау қажет».

Оңтүстіктің оқ атудан құрама командасы жуырда ғана ел чемпионатынан жүлдемен оралды. Облыс қоржынына мергендеріміз 11 алтын, 9 күміс және 4 қола медальді сала білді. Биылғы маусым ересектер құрамасына ауыр болғанымен, жастар командасы республикада үздік танылып, бапкер үмітін ақтап жүр.

 Сайдулла Юнусметов, ҚР еңбек сіңген бапкері: «Жарыстың қорытындысымен ризамыз, алайда спортшылардың ұпай көрсеткішініе риза болмай отырмыз. Өткен жылғы жазбен салыстырғанда қалып қойған. Әлі де жұмыс жасау қажет».

Әсел Әлімханқызы, спорт шебері: «372 ұпайға қол жеткіздім. 2 ұпайға кем көрсеттім. Десек те жақсы жетістік. Енді спартакиадаға дайындалып жатырмын. Сол жарыста бұл екі ұпайға қол жеткіземін деп ойлаймын».

Сәуір айында бұл жастағы спортшылар арасында спарткаиада өтеді. Жерлестеріміз осы жарысқа дайындық үстінде. Сондай-ақ, бұл турнирдің қорытындысы бойынша маусым айында өтетін Зуль және Плзень қалаларында өтетін халықаралық жарысқа іріктеу жүргізіледі.