Мемлекеттік инспектор шымкенттіктерді қабылдады

Жасұлан ЕСТЕНОВ, ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы
Жасұлан ЕСТЕНОВ, ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы

Оңтүстік Қазақстан облысына Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жасұлан Естеміров келді.

Облыстың барлық аудандарынан келген 30-дан аса тұрғындар бұл күні коммуналдық, жекелей, азаматтық, әлеуметтік, жер телімі сынды мәселелер бойынша шағымдана алды.

Енді тұрғындардан алынған арыз-шағым істерін Жасұлан Тоққожаұлы Елордаға алып кететін болады. Мемлекеттік инспекторға арыз айта келген облыстың түкпір-түкпірінен келген тұрғындар мәселеміз созбалаңға салынбай тез әрі нақты шешілетін болды деп қуанып жүр. Осыған қарап, Оңтүстіктегі халайық жергілікті биліктің құр уәдесінен шаршаған-ау деп қаласың.

Айта өткен жөн, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы жыл сайын жоспарлы түрде облыстарда бір күннен қабылдау рәсімін жасайды.