Демалыс күндері облыста екі адам суға кеткен

299

Демалыс күндері облыста екі адам суға кеткен. Соңғы сағаттарда суда құтқарушылардан келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, Сырдария өзеніне Отырар ауданы, Талапты аулының 17 жасар тұрғыны батып, оның денесін сүңгуірлер бір тәуліктен соң алып шыққан.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары мәйітті ауылдан 200 метр жерде тапқан. Сенбі күні Арыс-Түркістан каналында Түркістан қаласының 48 жастағы тұрғыны шомылып жүріп, суға батты.

Жексенбі күні марқұмның денесін туыстары мен жергілікті полицейлер шығарып алған. Биылғы шомылу маусымында осымен 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Сондықтан, суға шомылуда абай болыңыздар.