Әлем додасында бақ сынап жатқан қазақстандықтар командалық есепте 8-ші орыннан көрінді. Қоржынымызда алғашқы күндері түскен екі алтын. www.bnews.kz сайтының хабарлауынша, жарыстың үшінші күніндегі жағдай бойынша, Қазақстан бір сатыға төмендеп қалды. Құрамамыз – 8- орынды, місе тұтып тұр.
Естеріңізге сала кетейік, топтасып жарысудан алдына жан салмаған велошабандоз Александр Винокуров Қазақстанға алғашқы алтын жүлде әкелді. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының екінші күнінде Қазақстан спортшысы Зүлфия Чиншанло құраманың екінші алтынына қол жеткізіп, әлем рекордын жаңартты.
Көрші Ресей құрамасы Олимпиада-2012 кестесінде 2 алтын және 3 қола жүлдемен 14-інші орыннан 6-ншы орынға көтеріліп, 2 алтын мен 1 қола алған Солтүстік Кореяны артта қалдырды.
Қытай 7 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен бұрынғыдай Олимпиаданың көшін бастап келеді. Одан кейін АҚШ, Италия, Франция, Оңтүстік Корея құрамалары келе жатыр.