Шымкенттік бойжеткен Азия чемпионы атанды

345
Шымкенттік бойжеткен Азия чемпионы атанды

Үндістанда өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасынан алтын медаль жеңіп алған жалғыз дзюдошы – шымкенттік палуан Перизат Қадырбекова қалаға оралды. Бүгін таңертең жерлестері мен бапкер, туыстары чемпион қызды арнайы күтіп алды.

Шымкенттік бойжеткен Азия чемпионы атанды

Құрлық біріншілігі жастар арасында өткен болатын. Перизат 78 келідегі спортшылар арасында сынға түсті. 19 жасар дзюдошы ару осыған дейін екі рет Азия чемпионатына қатысып қоладан алқа таққан. Бұл – спортшы қыздың алғашқы алтын жүлдесі.

Шымкенттік бойжеткен Азия чемпионы атанды